Қоғам

«Дипломмен – ауылға»

 

 

 


Биыл медицина колледжінен 275 түлек қанат қаққалы тұр. Болашақ медицина мамандарының тең жартысы өздерінің қызмет орнын тауып та қойған.  Жастардың  көбі еңбек жолын ауылдан бастауды жөн көріп отыр. Сондықтан коммерциялық бөлімде оқыған 58 және келісім-шарт негізінде мамандық меңгерген 28 студент ауылға қызмет етуге келісті.

Галина Мостовщикова, СҚ медицина колледжінің бөлім меңгерушісі:
-Биыл 134 фельдшер, 23 акушер, 15 тіс технигі, 13 фармацевт, 67 медбике бітіреді.
Осы студенттердің көбі ауылда еңбек етпекші. Әзірге Жамбыл ауданы үлкен сұранысқа ие. Оған 16 медицина маманы аттанбақшы. Келесі аудан Шал ақын. Ол жерге 11 студентіміз барады.

Айта кету керек, ауылдарда медбикелер тапшы. Сондықтан биыл ауыл тұрғындарына қызмет етуге 20 студент ниет танытты. Оның бесеуі әзірге диплом алдында облыстық аурухананың пульмонология бөлімінде тәжірибелерін ұштауда.  Назым Шүкенова -Шал ақын ауданы Бірлік ауылының тумасы. Болашақ медбике колледжді тәмамдаған соң Новопокровка ауылында еңбек етпек.

Назым Шүкенова,  медбике:
-Менің ауылға баратын себебім ауылдың жағдайын көтеру керек. Медициналық көмектің сапасын арттыру  қажет.


Рустам Есенбергенов – қалада өскен.  Десек те, Рустам еңбек жолын ауылдан бастағанды жөн көріп отыр. Халқына қызмет етуді көздеген ол Уалиханов ауданының  Қызылту ауылын таңдаған.

Рустам Есенбергенов, кіші медициналық қызметкер:
Жолдама бойынша мен Уалиханов ауданына барамын. Онда 3 жыл қызмет атқару керек. Яғни ол жылдар ішінде өз медбикелік қызметімді  жақсы меңгеріп келуіме мүмкіндік бар. Ауылға баратын себебім жақсы маман болып, өзімді жақсы жағынан көрсету.

Тәжірибеден өтіп жүрген жастар шілденің 1-і дипломдарын алып, толыққанды маман болып шығады.  


Гүлден Сәрсенбаева