Денсаулық сақтау

Үйлестіру кеңесінде туберкулезге күрес мәселесі қаралды

 

 

 

Біздің облыста бүгінгі таңда туберкулезге шалдыққан 1230 адам бар. Олардың 60 пайызы үй-күйсіз адамдар.  Қауіпті аурумен күрес соңғы бес жылда бәсеңдеген жоқ.   Алайда өңірдегі жағдай күрделі қалпында қалуда.

Ерік Байжүнісов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы:
іздің облыстағы көрсеткіштер республикаға қарағанда әлі де жоғары. Әсіресе, Петропавл қаласында ауруға шалдыққандардың қатары қалың.

Облыстағы түзету орындарындағы жағдай да мәз емес. Өткен жылы түрмеге қамалған 58 адам кох таяқшасын жұқтырып алды. Ал биылдың өзінде тоғызы науқастан айыға алмай, көз жұмды. Жыл басынан туберкулезбен ауыратын 12 адам бостандыққа шықты. Олардың екеуі осы күнге дейін тіркеуге алынған жоқ. Бұндай науқас қоғамға өте қауіпті.

Ерік Байжүнісов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы:
ір адам жылына 50-100 адамға жұқтыра алады.

Тіпті емдеу мекемесіне барғысы келмейтін науқастар да аз емес. Оларды аурухағана жеткізу-
құқық қорғау органдарының міндеті. Туберкулезге шалдыққан  адам өз отбасына да қауіпті. Осындай қауіпті  ортада  2 мыңға жуық адам бар. Бұл ретте балалардың денсаулығын қорғау аса маңызды жұмыс. Аурудың алдын алу үшін облыста 8 арнайы топ ашылған екен. Алайда бұл тым мардымсыз.

Ерік Байжүнісов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы:
ағжан Жұмабаев ауданында балаларды науқастан аластату мәселесі шешілмей тұрғанына  4 жыл болды. Бізде санаторлық топ керек.
 
Биылғы жылдың алғашқы бес айында туберкулезбен күреске 380 миллион теңге жұмсалды.  

 

Тимур Әбдрешев