Құқық қорғау органдары

Адам құқы қапаста да сақталуы керек

Қазақстан Республикасы 1998 жылы БҰҰ азаптауға қарсы конвенциясына қосылған болатын. Еліміздің Конституциясында да ҚР азаматына қатысты зорлық-зомбылық, жәбір көрсетуге тыйым салынады делінген.  Бұл түзету мекемелерінде тиісті жазасын өтеп жүргендерге де қатысты. Осыған орай қылмыстық атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері сотталғандарға қатысты заңсыз әрекеттерді

болдырмау мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Тобыл Өмірсейітов, ЕС 164/4 түзету мекемесінің заң кеңесшісі:
Біздің облысымызда қоғамдық бақылау комиссиясы бар. Ол комиссия өңірдегі түзету мекемелері мен тергеу изоляторларына барып,  азаптауларды болдырмау мақсатында көптеген шаралар өткізіп тұрады.

Шалыс басқандардың конституциялық құқықтары қапаста қаншалықты сақталып жатқандығына көз жеткізу – қоғамдық комиссияның құзырында. Ол прокуратура, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен заңгерлерден құрылған.

Берікбол Сапарғалиев, СҚО мамандандырылған прокуратура қызметкері:
Комиссия құрылғалы талай жұмыстар атқарды. Бірақ бұл уақытта жазаларын өтеушілердің ар-намысын аяққа таптар психологиялық, зорлық-зомбылық әрекеттері тіркелген жоқ. Құқықтары сақталады.

 Жеңіс Ермұқанов