Мәдениет

Қуыршақ театры 20-шы маусымның шымылдығын жапты.

 

Биылғы мерейтойлық 20-шы маусымда қуыршақ театрының ұжымы кішкентай көрермендеріне 4 қойылым, оның ішінде 3 премьера сыйлады.  Бұл маусымда театр ұжымы үш жаңа актермен толығыпты. Роман Лахтин бүгін дебютант, әрі басты рөлді сомдайды. 

Роман Лахтин, актер:
ірден басты рөльді сомдағаныма қуаныштымын, бірақ қорқыныш та жоқ емес. Аздап қобалжып тұрмын. Ең бастысы, балалардың көңілінен шығу.

Кішкентай көрермендерге қуаныш сыйлау үшін бүгін сахна төрін сұлу ханзада мен көрікті ханшайым, үш көңілді бикеш, жапондық қонақтар сияқты қызықты кейіпкерлер биледі. Бәрінен бұрын балақайлар пештің ішінен пайда болған кішкентай шалға риза болды.
Әр ертегіден орын табатын адалдық пен арамдық, жақсылық пен жамандық бұл жолы да таласқа түсті. Ақырында, бәрі тағатсыздана күткен әділдік жеңіске жетті.

 Айгүл Кенжеғозина,  актер:
-Мен бүгін алғашқы рет ер адамның рөлін ойнадым, жақсы шықты деп ойлаймын.

Актерлердің өнерлерін олардың басты сыншылары – көрермендер жоғары бағалады. Ертегі үлкен-кішінің бәріне  ерекше әсер қалдырды.

Көрермендер:

Мен қызыммен келдім, оған өте ұнады. Енді қызымды жиі әкеліп тұрамын.
Маған бәрінен аққу ұнады. Себебі ол әдемі
Ертегі күшті болды.


Театр шымылдығы күзге дейін жабылғанмен актерлердің жұмысы тоқтап қалмайды. Олар сүйікті көрермендерін келесі маусымда немен таңғалдыратындарын жоспарлап та қойыпты. Енді режиссерл
ермен келісіп, дайындыққа кірісу ғана қалды.


К
әусар Аяпбергенқызы