Спорт

Велоспортта тағы бір жерлесіміз топ жарды

 

 

 

Біріккен Араб әмірлігі елдеріндегі 50 градустық ыстыққа қарамастан 17 жасар жерлесіміз Алексей Луценко  28 км қашықтықты жақсы көрсеткішпен бағындыра білді. Жекелей сында Алексей Оңтүстік Кореяның велошабандозынан 3 секундқа ғана кешігіп, екінші орынды иемденді.


Алексей Луценко, велошабандоз, спорт шебері:
Жарыс оңай болған жоқ. Әсіресе күннің ыстығы шыдатпады. Аса үлкен бәсекелестікті Иран мен Корея спортшылары туғызды. Жекелей сында бір қарсыласыма жол беріп алдым.

Ал командалық жарыста велошабандоз қарсыластарын шаң қаптырып кеткен. Жолда уақытын үнемді пайдаланып, жылдам
дықты баппен арттырған бозбала алтын алқаны еншіледі.

Алексей Луценко, велошабандоз, спорт шебері:
Келесі жарысқа бар жігерімді жинап шықтым. Бірақ өзіме толық сенімді болдым деп айта алмаймын. Себебі велоспортшылар жылдар бойы шыныққан шеберлер. Десек те қарсыластарымның алдын орап, Қазақстанның туын желбіреттім.

Алексейдің жаттықтырушысы Виктор Потапов шәкіртінің әлі көптеген асуларды бағындыратынына нық сенімді. Талай жастарға спорт әлемінің есігін ашқан аға жаттықтырушы Алексей Луценко үлкен спорттағы ағаларының жолын қайталайды дейді.

Виктор Потапов, аға жаттықтырушы:
Ол өте еңбекқор және жауапты. Мүмкін болашақта екінші Александр Винокуров болар. Азия чемпионатына сапарға шығарда Алексей маған жеңіссіз оралмаймын деген еді. Осындай шәкіртімнің бар екеніне қуаныштымын.

Алексей Луценконың жоспарлары көп. Ал әзірге Қазақстан жастар құрамасының мүшесі алдағы тамыз айында Сингапурде өтетін кіші олимпиада ойындарына дайындалуда.

Гүлден Сәрсенбаева