Денсаулық сақтау

Туберкулез – жұқпалы дерт


 

 

Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде  бүгінгі күні 520-дай адам ем алып жатыр. Бұлардың ішінде 73 пайызы қоғамға аса қауіпті науқастар. Қазіргі таңда диспансердің әр бөлімшесінде 5-10 сырқат жоқ. Дәрігерлердің айтуынша, оларды мұнда қайта жатқызу қиындық болып отыр.

Сабир Хинизов, Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері бас дәрігерінің орынбасары:
Науқастар қаласа келеді, қаласа кетеді. Біз оларға ешқандай күш қолдана алмаймыз. Өйткені біздің құқымыз жоқ. Сондықтан біз емделушілермен алдын алу шараларын және түсініктеме жұмыстарын жүргіземіз.

Дегенмен мұндай жұмыстар оң нәтиже беріп отырған жоқ. Тіпті тікенді сымдар науқастарға диспансер аумағынан шығып кетуге қиындық тудырмайды.
Тағы да бір шешімін таппай жүрген мәселе – ол емделушілердің ішімдік қолдануын тоқтату.

Ерік Макашов, күзетші:

– Науқастардың диспансер аумағында арақ ішу жағдайлары жиі кездеседі. Әрине, олар мас күйде болғанда жай ғана сөзбен түсіндіру қиын. Емделушілер мән бермейді. Ал қол жұмсауға біздің құқығымыз жоқ.

Мұндағы тәртіп
бұзушы науқастардың қатарына негізінен тұрақты мекені жоқ нашақорлар мен темір тордың ар жағынан шыққандар кіреді. Көбіне олардың мекен-жайы болмағандықтан, емделушілерді іздеп-табу оңайға түспейді дейді дәрігерлер.
№ 2 өкпе-терапия бөлімшесінде бүгінгі күні 2 науқас жоқ. Олар осы айдың алтысында қашып кеткен. Бұл тәртіп
бұзушылар қоғамға аса қауіп төндіретін адамдар дейді медицина қызметкерлері
.

Наталья Туманина, № 2 өкпе-терапия бөлімшесінің меңгерушісі:
 – Біз оларды емделуге тарта алмай жүрміз. Учаск
елік қызметкерлер де науқастарды таба алмайды. Бөлімшеде екі медбибі жұмыс істейді. Сондықтан барлық 47 науқасты қадағалау мүмкін емес. Ал тәртіп бұзушылар терезеден қашып кетеді.

Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда облысымызда эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы 5 ай ішінде туберкулезбен ау
ыру 19,5 пайыз,  ал бұл реттегі өлім 34 пайызға азайды. Алайда науқастардың ішкі ережелерді бұзуы медицина қызметкерлері үшін әзірге басты мәселелердің бірі.

Жасын Біркенов