Қоғам

Әйелдер саммиті

 

Әйел-саясаткер, әйел-кәсіпкер. Бүгінгі таңда бұл таңсық емес. Нәзік жандар қазір қоғамдық өмірге, саясатқа  белсенді араласуға ұмытылып-ақ жүр. Саммитке қатысқан мыңға жуық іскер әйел әлемнің 80 елінен жиналды. Тілдері, діндері, жастары әр шамадағы нәзік жандар бәріне ортақ сан алуан мәселелерді талқылап, өз пікірлерімен бөлісті. Бақытжан Сәмиева облысымызда онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға көмек көрсететін қор ашуды көздеген екен. Жиынның тәжірибе жинақтауда маңызы зор болды дейді ол.

Бақытжан Сәмиева, СҚО Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:
Көп мәселе шешілді, әйелдер саясатқа баруы керек,   Бәрінен бұрын халқымыз аман болуы керек деген ойлар айтылды. Үлкен кісілердің сөзін тыңдадық.

Аталмыш ұйымға бас болғанына 3 жыл ғана толса да
, осы аз уақыт ішінде   көп игілікті іс тындырылды. Соның ішінде балалар мен зейнеткерлерге арналған қайырымдылық шаралары да бар. Қауымдастық қызметіне  бүгінде 300-дей қыз-келіншек жұмылдырылған. Таяуда 15 бойжеткеннен тұратын жастар қанаты да құрылыпты. Алда олар балаларға арналған бірнеше шағын орталықтар ашып, “Саяси   клуб ” құруды мақсат етіп отыр.

Бақытжан Сәмиева, СҚО Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:
-Президенттің Жолдауында балалар бақшаға, шағын орталыққа барсын делінген.
Жоспарымыз үлкен. Біз оларды мектепке білімді қылып береміз деген ойымыз бар, сол мақсатқа жетеміз деп ойлаймын.

 Айта кету керек, Қазақстан  – ТМД елдерінің ішінде саммитке қатысқан жалғыз ел. Бұл саяси аренада мемлекетіміздің айбынын одан әрі асқақтата түсткендей болды дейді Бақытжан Мағжанқызы.

Кәусар Аяпбергенқызы