Билік

Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағдарламасы

 

 

 

Жаңа жоба сырттан әкелінетін товарға тосқауыл қойып, ішкі өнімді 80 пайызға дейін жеткізуге бағытталған. Яғни астық өсіру, асыл тұқымды мал басын көбейту арқылы ет пен сүт өндірісін одан әрі жетілдіру, құс басын көбейтіп, құс еті мен жұмыртқаны молайту секілді бірнеше бағытты қамтиды. Астық пен көкөніс үшін элеваторлар мен жылыжайларды көбейту қажет. Қаржы «Казагро» холдингінен бөлінеді. Жаңа жобаның жалпы құны 1,3 триллион теңгені құрайды екен. Ауыл шаруашылығы министрі бұлардың бәрі отандық өнімді алға бастыруға мүмкіндік беретіндігін атап көрсетті. Бағдарлама бірінші кезекте Алматы облысында жүзеге асырылмақ. Алайда Кәрім Мәсімов жаңа жобаның шикі тұстары бар екендігіне тоқталып, оны жетілдіруді тапсырды.


Самат Есмаги