Білім

ҰБТ -2010 аяқталды

 

 

 

Облыс бойынша бірінші кезеңде сынақтан екі мыңдай адам өтті. Оның нәтижесі қуантарлық. Науқанның барлық күндері апелляциялық комиссия да жұмыс істеді.

Шолпан Қаринова, СҚО білім басқармасы бастығының орынбасары:
-Республикалық апелляция комиссиясына барлығы 32 сұрақ түсті. Оның 11-і бойынша түлектерге ұпай қосылды.

Орташа ұпай саны 87,86! Биыл біздің облысымыз осындай көрсеткішке қол жеткізді. Үш күнге бөлінген тестілеуге өңір бойынша 3900 түлек қатысқан болатын. Оның қорытындысы бойынша  “Алтын белгі” иегерлерінің саны былтырғымен салыстырғанда екі есеге артты. 102 үміткердің 70 -і бағаларын ақтап шықты. Ал осы жылы мектепті “Өте жақсы” бағамен 51 оқушы аяқтады.

Шолпан Қаринова, СҚО білім басқармасы бастығының орынбасары:
 
Петропавл қаласы, Тимирязев, Шал ақын аудандары ең жақсы нәтиже көрсетті. Облыс бойынша ең жоғары нәтижені облыстық дарынды балаларға мамандырылған Әбу Досмұхамбетов атындағы гимназия-интернат көрсетті. Бұл мектеп түлектерінің барлығы 100-ден жоғары алды. Олардың орташа ұпай саны
116.

 Айта кету керек, бұл науқан түлектер барлығы үшін сәтті болған жоқ. Тіпті қанағаттанарлық баға ала алмаған оқушылар бар, олардың саны 56. Ал тестілеуде 45 бала  ең кем деген көрсеткіш – 50 ұпай жинай алмады.

Жасын Біркенов