Балалар

Жас шебер

 

 

 Ольга Лемза қолданбалы қолөнердің қыр-сырын жақсы меңгерген. Ол түрлі заттардың қалдықтарын іске жаратып, көздің жауын алар бұйымдар жасайды. Таяуда ол Астанада өткен байқауда өзінің ерекше талант иесі екінін тағы бір мәрте дәлелдеп берді.

Ольга Лемза, өнер колледжінің студенті, «Жас шебер» байқауының жеңімпазы:
Мен бұл қуыршақты түрлі маталардың қалдықтарынан жасадым. Ал көйлегін ашық түсті маталардың қиындысынан тіктім. Себебі ашық түстер адамның өңін ашады.

Ольга  400-ден астам үміткердің арасынан топ жарған. Қуыршақты алғаш рет жасаса да, өнерін шыңдаудан талмайтын Ольга маңызды тапсырманы абыроймен орындап шықты. Ұстаздары оның болашақта әлі талай шыңдарды бағындыратынына нық сенімді.

Инна Рипачева, «Юнеско» клубының оқутәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Байқауға қатысқан барлық жұмыстар жасалу техникасы, қолданылған маталары жағынан сан түрлі болды. Әрқайсысы өздігінше ерекше, бояулары қанық. Мұндай конкурс енді үзілмей жылда өткізіліп тұрса екен деп тілеймін.

Ольга Лемза өз өнерін болашақта одан әрі  шыңдағысы келеді.  Әзірше “Модняшка» деген қуыршақтың иесі алғашқы сыйлығына ие болды. Оляның бірінші еңбегі қазір Президент мұражайына сән беріп тұр.

 Кәусар Аяпбергенқызы