Мәдениет

Қуыршақ театры жаңа қойылым әзірледі

 

 

 

Қойылымға барлығы 14 әртіс жұмылдырылған.     Салтан патша жайындағы Пушкин ертегісінің желісі сақталғанымен, сахналық нұсқасында айырмашылық бар. Мысалы, патшаның баласы Гвидон бүгінгі жігіттің кейпінде. Киген киімі джинсы, аяғында кроссовки. Алайда оның ішкі дүниесі сол күйінде қалған.

Роман Лахтин, облыстық қуыршақ театрының актері:
үгінгі күннің Гвидонының сырты өзгергенмен, оның моралдық құндылықтары өзгерген жоқ. Мен әу бастағы ертегідегідей жағымды кейіпкер бейнемді сақтап қалдым.

 
Ал Наталья Гузеева зұлым әйелдің бейнесін сомдап шықты.
 


Наталья Гузеева, облыстық қуыршақ театрының актрисасы:
-Мен зұлым болғаныммен, дауысымды төмендетіп, үрей туғызатын тұстарды жеңілдетіп ойнауға тырысамын.
Балаларды қорқытпаймыз. Бірақ сахнадағы іс-қимылдар арқылы менің қандай кейіпкер екенімді олар бірден таниды.

Салтан жайындағы қойылым қызыққа толы болды. Бұнда теңіз кешкен жапон халқының қыз бен жігіті, аққу бейнесіне енетін ханшайым да бар.
 
 
Тимур Әбдрешев