Спорт

Өрт сөндірушілер спартакиадасы

 

 

Өртке қарсы қызмет мамандары арасындағы бұл жолғы облыстық жазғы спартакиада армрестлинг, гір көтеру, жеңіл атлетика, мини футбол секілді спорттың 4 түрін қамтыды. Облысымыздағы өрт сөндіру бөлімдері батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік, орталық болып 5 топқа бөлінген. Сондықтан спартакиадаға 5 команда қатысып отыр. Олардың әрқайсысында 25 адам. Құрамалар осыған дейін өткізілген аудандық сайыстар барысында жасақталыпты.

Николай Белоусов, ТЖД өрт сөндіру бөлімінің бастығы:

Өрт сөндірушілер әрдайым ширақ болулары керек. Оған спорттың берер пайдасы мол. Бұл жолғы жарыста үздік танылғандары маусымның 23 мен 26 аралығында облыс орталығында өтетін төтенше жағдайлар министрлігінің солтүстік аймақтар арасындағы республикалық сайысында өңіріміздің намысын қорғайтын болады.

Жомарт Оразалиннің өрт сөндіру саласында қызмет істегеніне 13
жыл. Бұл жолғы сайысқа ол Айыртау ауданындағы №7 өрт сөндіру бөлімінің атынан қатысып отыр. Жанына жақын спорт түрлері жеңіл атлетика мен футбол.

Жомарт Оразалин, №7 Айыртау аудандық өрт сөндіру бөлімінің қызметкері:

-Осы секілді спорттық шараларды өзіміз де үнемі өткізіп тұрамыз. Бұл жолғы сайысқа оңтүстік аймақтан 25 адам келдік. Дайындығымыз жаман емес. Облыс құрамасына өтеміз деп ойлаймын.


Төтенше жағдайлар министрлігінің солтүстік аймақтар арасындағы бұл жолғы жазғы спартакиадасы бізде өтпек. Оған Астана, Көкшетау, Қостанай қалаларының  құрамалары қатысады. Мына жарыс соған іріктеу.

Самат Есмағи