Ауыл шаруашылығы

Петропавл базарларында ет жөніндегі жағдай дұрысталды

Ет жоқ деген қауесет «Океан» сауда үйінен тараған еді.

Ұлан Қарбаев, ет тасымалдаушы:

Мен Тимирязев ауданынан келдім. Мал сою қосынын жалға алғанмын. Ірі қараны 550-580 теңгеден ауыл тұрғындарынан сатып аламын. Бүгін қалаға 4 тонна ет әкеліп, оның екі тоннасын коммуналдық базарға, қалғанын «Океанға» өткіздім. Бағалары 580-640 теңгеден.

Таңертең «Океан» сауда үйіне шамамен екі тонна ет әкіленіпті. Қазір ол бөлшектеліп, сөрелерге қойылып жатыр.

Татьяна Акульшина, “Океан” СУ әкімгері:

-Ет жоқ деген қауесетті ет тасымалдаушылар мен біздегі сауда орнын жалға алушылар бірлесіп таратып отыр. Біз одан бейхабар болдық. Алдағы уақытта мұндайға жол берілмейді. Егер ет жеткізушілер өз жұмыстарын кешеуілдететін болса, онда атқарушы биліктің көмегімен етті тікелей өндірушілерден сатып алатын боламыз. Онда біздегі жалға алушылар жұмыссыз қалады. Олар соны түсінуі керек.

Сауда үйіндегі сиыр етінің келісі 750
900 теңге аралығында. «Дария» сауда үйінде де еттің түр-түрі бар. Коммуналдық базар сөрелері де етке лық толы. Мұндағы баға  алдыңғыларға қарағанда біршама сынық.

Фарида Зарипова, ет сатушы:

Ет бізге мал сою қосындарынан жеткізіледі. Сапасы жақсы. Тұтынушылар тарапынан еш шағым жоқ.


Коммуналдық базардағылар басқа сауда орындарында ет жоқ дегенді естіп таң қалдық дейді. Өйткені мұнда ет тапшылығы болмаған.

Ибрагим Саихутжинов, “Қызылжар-Ақбастау” коммуналдық базарының директоры:

-Ет жеткілікті. Ет тасымалымен айналысушылар таңғы 7-ден бері 19 бас ірі қара, 11 бас шошқа еті әкелінді. Баға өзгерген жоқ.

“Алтын-Арман” базарына да ет саудасы қызу жүріп жатыр. Бұл жерде де бағада айырма байқалмайды.

Айдарбек Сапаров, облыс әкімінің орынбасары:

-Кешегі жағдайға байланысты облыс әкімі арнайы тапсырма берген болатын. Қаладағы ет сататын орындарды аралап шықтым, ет тапшылығы жоқ. Алдағы уақытта да қатаң бақылауда болады. Бағаларға да күнделікті мониторинг жүргізіп отырамыз.

Кешегі күні
«Океан» сауда үйіне еттің жеткізілмеуін ет тасымалымен айнылысушылар мал сою қосындарының жұмыс істемейтіндігімен түсіндірген болатын. Алайда ол сөз  де шындыққа жанаспайтын болып шықты. Мәселен, Есіл ауданындағы Покровка елді мекенінде   мал сою алаңы маусымның бірінде іске қосылған. Содан бері бұл жерде тек үш рет қана мал сойылыпты.

Василий Сарбасов, жеке кәсіпкер:

Малын осы жерде союға ешкім әкелмейді. Қалада ет сататын дүкеніміз бар. Соған ет жеткізу үшін малды өзіміз ауылдардан сатып алдық. Келеміз деушілерге есігіміз ашық. Бұл жерде тек малды сойып қана қоймай, арнайы ет таситын көлік қызметін де ұсына аламыз.

Арнайы қосында бір бас ірі қара мен шошқаға алынатын ақша 1400
теңге, егер қасапшы өзіңізден болса  700, қой союдың құны 500 теңге. Осы жерде сойылған малдың етін сауда орындарына өткізуде де еш қиындық жоқ. Себебі оған арнайы құжаттар беріледі. Өңірімізде бүгінгі күні мұндай мал сою орындарының саны 105, алдағы уақытта толыға түспек.

Самат Есмаги