Мемлекеттік қызметшілер қазақ тілінен тест тапсыруда

Билік

16:19 9 Маусым 2010

 

Жаңа енгізілген “Қазтест” жүйесі бойынша биыл қаламызда – 68, аудандардан 57 топ тест тапсыруда. Бүгін аудан әкімдерінің орынбасарлары, бөлімдер және аппарат басшыларының білімдері сарапқа салынады. Комиссия мүшелерінің айтуынша, тест 40 сұрақтан тұрады. Олардың барлығы мемлекеттік қызметшілер өткен тақырыптардан алынған.

Кемел Оспанов, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы:
Елбасының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер “Қазтест” тестін тапсырып жатыр. Үлкен жауапкершілікпен келген. Кешегі тапсырғандар жақсы нәтиже көрсетті. Келесі жылы күрделенетін болады.

Емтиханға берілетін уақыт 40 минут. 5 ұпайға ие  болу үшін қазақ тілінің грамматикасын, ел және облыс өміріндегі елеулі оқиғаларды, атаулы күндерді білу керек. Ақжар ауданынан келген Айгүл Садуақасова өзінің біліміне нық сенімді.

Айгүл Садуақасова, Ақжар аудандық кәсіпкерлік бөлімінің қызметкері:
ізді келіп тексерді, дайындығымыз жақсы. Емтиханнан жақсы нәтиже күтеміз. Қазақ тілін қолдап, мемлекеттік тілдің деңгейін әрдайым көтере берейік.

Мемлекеттік қызметшілер тілді үйретуге арналған 8 айлық курстан өтті. Алдын-ала өткізілген сынақтар нәтижесі жаман емес. Егер ұпай саны жеткіліксіз болса, қайта тапсыруға мүмкіндік бар.

Гаухар Темірбаева, мемлекеттік тілді оқыту орталығының әдіскері:
-Биылғы жылдың ерекшелігі  – барлық аудандық, облыстық мекеме, аппарат басшылары бөлек емтихан тапсыруда.
Оларға үш деңгейде екі нұсқамен тест берілді. Бәрінің деңгейлері қанағаттанарлық, жақсы.

 Кәусар Аяпбергенкызы  




Бұдан әрі оқыңыз