Ауыл шаруашылығы

Ғалымдардың жетістігі


 

Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығы ғылыми- зерттеу институтының құрылғанына биыл 48 жыл. Содан бері үнемі ізденіс үстінде келе жатқан ғалымдардың еңбегі еш кеткен жоқ. Бүгінде олардың ауылшаруашылығы саласын дамытуға бағытталған тың жобаларын тек еліміз ғана емес  Еуропа да мойындап отыр. Францияда өткен іскерлер кеңесінің  5-ші самитінде институт ұжымына “Еуропа гранты” табысталса, институт директоры Қанат Мыңжасовтың ғылыми еңбектері жоғары бағаланып, оған”Алтын медаль” тапсырылды, сондай-ақ оның есімі әлемнің 100 ғалымының қатарына енді.

Қанат Мыңжасов, Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығы ҒЗИ директоры:

-70 елдің арасында ғылым жөнінен бірінші орын алуымыз тек ұжымның, облыстың ғана емес, барша еліміздің жеңісі. Бұл бізге бұдан да үлкен міндеттер жүктеп отыр. Оны жүзеге асыруда әлі де аянбай еңбек етуіміз керек. Оған ғалымдарымыздың білімдері жетеді.

Жарты ғасырға жуық тарихы бар ғылыми
ерттеу институты осы аралықта талай қиындықты бастан өткергенімен, өз жұмысын тоқтатқан емес. Бұл білікті басшының арқасы дейді мамандар. Соңғы 13 жыл ішінде осы жерде 5 доктор мен 50 кандидат даярланды. Олар бүгінде еліміздің ауылшаруашылығын дамытуға сүбелі үлес қосып жүр.

Асқар Естанов
, жетекші ғылыми қызметкер:

-Ауыл шаруашылығында айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Бүгінде біз селекция арқылы ірі қара мен үй құстарының жаңа түрлерін шығардық. Бізге беріліп жатқан еуропалық награда ізденістеріміздің жемісі деп ойлаймын.

Ғылыми
зерттеу институтының жұмысы үш салаға бағытталған. Ол мал шаруашылығы, ветеринария мен жем-шөптің жаңа түрлерін шығару.  


Сайран Құсайынов, жетекші ғылыми қызметкер:

-Ұжым жас болғанымен, солардың еңбектерімен өңіріміздегі ауылшаруашылығы саласында бірнеше ұшқыр жобалар жүзеге асырылып жатыр. Атқарған жұмыстарымыздың жоғары бағаланғандығы бізден бұдан да тың серпілістерді талап етеді.

Францияда өткен саммитте ғылыми-зерттеу институтына табысталған “Еуропа гранты”   халықаралық сыйлық.   

 

 Самат Есмағи