Ауыл шаруашылығы

Алқаптар бапталуда

 

Биыл көктемгі егіске соңғы үлгідегі 870 тұқым себу кешені шықты. Олар бар алқаптың 66 пайызына дән септі. Ал жалпы облыс бойынша бидай егу жұмысы мамырдың 31-і аяқталды. Агроқұрылымдар тұқым мен техника, жағармаймен 100 пайызға қамтылды. Маңызды науқанның жоғары деңгейде өтуі мемлекеттің үлкен қолдауының арқасында мүмкін болды.

Айдарбек Сапаров, облыс әкімінің орынбасары:
иыл дайындық жақсы болды. Серіктестіктер жақсы жұмыс істеді. Мемлекет тарапынан 4 млрд субсидия бөлінді.

Дегенмен, бидаймен ғана күн көру бүгінде мүмкін емес. Астықтың бір тоннасы бар болғаны 18 мың теңге шамасында. Сондықтан биыл диқан қауымы рапс пен күнбағысты молырақ септі.

Айдарбек Сапаров, облыс әкімінің орынбасары:
-Майлы дақылдарды екі есеге көбейттік. Өткен жылы 220 мың гектар ектік, биыл 435 мың,  оның пайдасы көп,  бағасы қымбат.


Көктемгі егіс-2010 аяқталды. Осы күнде дәнді дақылдар өскіні топырақты жарып, облыс алқаптары көк кілемге айнала бастады. Алайда алдағы екі аптада жауын-шашын түспесе, жағдай қиындауы мүмкін. Дегенмен, сала басшылары биыл орташа  өнім аламыз деп отыр.

 

Тимур Әбдрешев