Құқық қорғау органдары

“Автобус” шарасы

 

 СҚО жол полициясы басқармасы қоғамдық көлік қауіпсіздігін сақтау үшін әрдайым автобустар арасында жедел тексеру шараларын өткізіп тұрады. Сондай бақылаулар облыс көлемінде мамыр айында өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша 499 заң бұзушылық фактісі тіркелген. Маусымның 7 мен 11 аралығында Республика көлемінде басталған “Автобус” жедел алдын алу шарасы біздің өңірде де қызу жүріп жатыр.

Шыңғыс Құрбанов, СҚО ЖПБ жол-техника инспекциясы бөлімінің бас маманы:
-Біздің өткізіп жатқан іс-шараның мақсаты мен міндеті қоғамдық көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру.
Акция қоғамдық көлік жүргізушілердің қатысумен өтуде. Өткен жылғы жол апаттары биылғымен салыстырғанда сәл төмендеген. Жылдың басынан бері 6 жолкөлік о
қиғасы тіркелді.

Акцияға облыстық көлік бақылау инспекциясының бөлімі де атсалысуда.
 

 

Андрей Марков, облыстық көлік-коммуникация кешенінің бөлім бастығы:
-Біз жүргізушілер арасында өткізілетін шараларға жиі қатысамыз. Рейдтік бақылау ұйымдастырып отырамыз. ЖПБ тығыз қарым-қатынас орнатуымыз, өз жемісін береді деп ойлаймын.


Жол полициясы басқармасының айтуынша акция семинар-кездесумен аяқталады. Онда алдын алу шарасының қорытындысы шығарылмақ.