МТРА жаңалықтары

“Бірлігіміз жарасқан” форумы

 

 4-ші маусым  – Мемлекеттік рәміздер күні. Еліміздің тәуелсіздігін айқындайтын 3 нышан бар: Ту,Елтаңба, Әнұран. Осы қасиетті үш рәмізді құрметтеуге арналған  республикалық патриоттар форумы биыл   Павлодар облысында өттті. Жиын елжанды 300 азаматтың басын қосты. Форум гимнді орындаудан басталды.  Әр делегат түрегеліп, қолын кеудесіне қойып, әнұранды орындап шықты. Қазақстанның туын залға енгізу құрметіне Қайдар Қарақұлов ие болды. Полковник биыл Мәскеу қаласында өткен Жеңіс парадына 85 395 әскери бөлімшені бастап барған-ды.

Қайдар Қарақұлов,  85395 әскери бөлімше командирі, Астана қаласы:
-Біз Мәскеудегі Жеңіс парадында еліміздің көкбайрағын көкке көтеріп өттік.
Патриот екенімізді паш еттік. Бүгінгі форумға сол үшін шақырту алдым.

Спорт кешеніне бұл күні жалпы жиыны 3 мың адам сыйып кетті. Әрқайсысының қолында еліміздің туы. “Елбасымен бірге”, “Ел қуатын еселейміз” деген жалынды ұрандар көп айтылды.  .
Еркебұлан Мұқанов
, Есірткіге қарсы” республикалық қорының атқарушы директоры:

-Көшеге шығып, мен патриотпын деп айқаулаудың қажеті шамалы. Одан да  әркім аз болса да, жақсы істерді жасау керек. Мысалға, қоқысты урнаға салу. әжейді көшеден өткізу сияқты. Міне осы кезде нағыз патриот боласың.

Патриоттар Форумында еліміздің 4 аймағы тікелей байланысқа шықты. Астана, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен қатар телекөпірге Солтүстік Қазақстан облысы да қатысты.
Форумда да біздің облыстың делегациясы белсенді болды.

 Бағдат Мұқанова, СҚО делегациясының жетекшісі:
-Біздің делегация осы форумға қатысуы арқылы Елбасының жүргізіп отырған саясатына қолдау білдіретінін танытқысы келді. Аталмыш жиын елінің дамуына бейжай қарай алмайтын адамдардың басын қосты. Солтүстікқазақстандықтар да осы үлкен көштің ішінде.

Республикалық форумда марапаттау рәсімі өтті.
Елінің дамуына сүбелі үлесін қосқан бірнеше делегат кеуде белгісіне ие болды. Белгілерді спорт саңлақтары Мұхтархан Ділдәбеков пен Елена Хрусталева табыс етті. Мамлют өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Данияр Ақжігітов те осындай құрметке бөленді.

Данияр Ақжігітов, Мамлют өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы:
осыммен бірге көшеде өтіп бара жатып, жылаған қыздың дауысын естідім. Сосын өрттен қызды алып шықтым. Мен әрқашан өз міндетімді атқаруға дайынмын, өйткені мен патриотпын.


Еліміздің кез-келген азаматы қолынан келгенше  отанының дамуына үлесін қосса, нұр үстіне нұр.
    Форумға елге есімі белгілі әншілер мен топтар да қатысты. «Музарт», «Ринго» топтары, Маржан Арапбаева және қазақ халқының алтын дауысы Роза Рымбаева сахна төріне шықты. Келесі күні форум Екібастұз қаласында жалғасын тапты. Көмірлі шаһардың орталығында “Мемлекет. Рәміз. Патриот” атты акция өтті. Бұл жиында мемлекеттік нышандардың маңызы туралы  көп айтылды. Акцияға Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібековтың өзі қатысты.  

Жандарбек Мәлібеков, ҚР Елтаңбасының авторы:
ұрекемен сөйлескен кезде сұрадым, басқа елдерде бар ма дәл осындай елтаңба, ол жоқ деді. Мұндағы әр символдың терең мағынасы бар.

 Форумның соңында жиылғандар Баянауыл ұлттық паркіндегі Жасыбай көлінің жағасында дем алды.