Спорт

Ауыр атлеттер турнирі

 

 

 

Араға жиырма бес жыл салып, ауыр атлеттердің басы қайта қосылды. Оған атақты спортшының баласы Сергей Делицин мұрындық болған. Бұл жарысты өткізу 3 жыл бұрын жоспарланған екен. Бірақ түрлі себептермен ол биыл ғана жүзеге асты.

Сергей Делицин, турнирдің демеушісі:
Бұл жарыс облысымыздағы ауыр атлетикаға кеңірек жол ашады деген сенімдемін. Бұл әлі бастама ғана. Біз хабарландырумен кешігіп қалдық. Сондықтан республикалық күнтізбеге бұл турнир енген жоқ.

Бұл жолы жарысқа үш ауданның өкілдері қатыса алды. 9-16 жас аралығындағы жасөспірімдер ауыр атлетиканың серпе көтеру, екі қолмен жұлқа көтеру сияқты түрлерінде күш сынасты. 9 жасар Алмас Зейнолов ауыр атлетика нағыз жігітке тән спорт түрі, сондықтан өзімді шыңдағым келді дейді.

Алмас Зейнолов, М.Жұмабаев ауданының жас атлеті:

 Мен Александровка селосынан келдім. Маған Ерік Каримжанович үйретеді, болашақта чемпион болғым келеді.

Жарыс салтанатты түрде ашылғасын, ауыр атлетикадан спорт шебері Андрей Свистунов өзінің ізін қуушы жастарға штангіні дұрыс көтерудің үлгісін көрсетті. Ерік Әлібаев та өңірімізде осы
спорттың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтардың бірі. 20 жыл бойы зілтемірден қол үзген ол ата-аналардың өтініші бойынша өзінің сүйікті ісін қайта қолға алған.

Ерік Әлібаев, жарыстың бас төрешісі, М.Жұмабаев ауданы ауыр атлетика тобының жаттықтырушысы:
ен үш жыл балаларды үйретіп жүрмін. 3 жылда 3 республика чемпионы, 3  спорт шеберлігіне кандидат даярладық. Екі баланы олимпиада резерві мектебіне алды.

Турнирді келесі жылы ҚР Ауыр атлетика Федерациясының рұқсатымен республикалық күнтізбеге енгізіп, кең көлемде өткізу жоспарланып отыр.