Мәдениет

Александр Пушкиннің туған күні атап өтілді



 


 
«Балықшы мен балық» туралы ертегіні білмейтін бала жоқ. Пушкин қаламынан туған осы сияқты шығармаларға қанық балдырғандар өсе келе оның сырлы өлеңдеріне ғашық болады. Орыс поэзиясының бастауында тұрған тұлғаның шығармаларын сүйетіндер Петропавлда да баршылық. Василий Коноплев – п
ушкинтанушы. Ол ақын шығармаларын соңғы 30 жыл көлемінде зерттеп жүргенін айтады.

Василий Коноплев
, ақын:
Пушкиннің шығармалары біз үшін үлкен мұра. Мен ақынның болған жерлерін зерттеп, оған қойылған ескерткіштердің тұрақтарын бақылап жүремін. Пушкиннің шығармалары екі ғасыр бұрын жазылғанымен маңызын жойған жоқ.

Жиналған қауым арасында Пушкиннің повесть, роман, поэмаларын сүйіп оқитын жастар да бар. Болашақта қаламы қарымды журналист болуды армандайтын Ильмира Гафиятуллина ақынның шығармаларымен сусындап өстім дейді.

Ильмира Гафиятуллина:
Маған Пушкин өте ұнайды. Менің анам оның шығармаларын маған кішкентай кезімде жиі оқитын.

Пушкиннің туған күнін
е жиналғандар ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып тарқасты.