Құқық қорғау органдары

Акция қорытындысы талқыланды

 

 3 кезеңді қамтыған акция барысында тәртіп сақшылары пәтерлерді аралап, тұрғындармен кездесті, арнайы парақшалар таратты. Құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған шараға айрықша мән берілді. Осындай ауқымды істердің қорытындысы бүгінгі кездесуде айтылды. Оған депутаттар, пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары мен тұрғындар жиналған. Жиында қоғамдық тәртіпті сақтау жұмысының жаңа тәсілдері сөз болып, отырғандар өз пікірлерін де білдірді.   
Тұрғындар полицейлерге үй-жайсыз жүрген адамдар мен аулаларда ішімдік ішіп маза бермейтін жастар
, көліктерді тұраққа қою жайын  сөз етті. Азаматтар білдірген арыз, шағымдар бірден ІІД басшылығы мен учаскелік полиция инспекторларының қатаң бақылауына алынды.

Анатолий Дермановский,  СҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары:
-Біз өзіміз тұрып жатқан үйлердің тазалығын сақтау үшін бірге жұмыс жасауымыз қажет. Ал ІІБ қоғамдық тәртіпті сақтау үшін барын салады деп уәде бере аламын.

Акция мәресіне жетсе де, тұрғындар мен учаскелік полиция инспекторлары нәтижелі жұмыстарын әрі қарай жалғастыра бермек.