МТРА жаңалықтары

Стритбол – Петропавлда

 

 

 

 

Стрипбол – ережесі бойынша баскетболға ұқсас көше ойыны. Бұқаралық спорт болғанымен біздің елімізде әлі кең дамыған жоқ. Сондықтан алаңдағы ойыншылардың бәрінің деңгейлері бір. Жарысқа Қазақстанның 10 облысынан 16-17 жас аралығындағы ұлдар мен қыздардан құралған 19 команда жиналыпты. Алғашқы ойындардан соң мықты командалар да анықтала бастады.

Талғат Рахмет, Оңтүстік Қазақстан облысы командасының жаттықтырушысы:
алалардың ойыны жаман емес, бірінші ойынды ұттық. Қарсыластар жақсы, Қостанай, Қарағанды командалары мықты екен.

Стритболдың уақыты 20 минут немесе шеңберге салынған 8 доппен өлшенеді. Қызықты ойын үшін доп салатын екі шеңбер мен 3 ойыншы жеткілікті. Атырау-Алматы командаларының кездесуінде
алматылықтар ширақ ойын көрсетіп, қарсыластарынан басым түсті.

Болат Айнабеков, ОҚО командасының капитаны:
ойым сәйкес болғандықтан осы спортты таңдадым, өзіме ұнайды.

Бұқаралық спорттан қыздар жағы да қалысар емес. Алғашқы ойында алаң иелері
қостанайлықтарды ұтса, Жамбыл өңірінің қыздары да өз күштеріне нық сенімді.

Әсел Несіпбек, Жамбыл облысы командасының ойыншысы:
із 1-ші немесе 2-ші орын аламыз деп ойлаймын. Себебі біз өте мықты командамыз.

Республикалық ауыл ойындарында Солтүстік Қазақстанның спортшылары жарыстың бес түрі бойынша облыс намысын қорғайтын болады.

Серік Жараспаев, СҚО Туризм және дене шынықтыру басқармасы  оқу-спорт бөлімінің бастығы:
Біздің спортшылар Ақмола облысында бокстан және грек-рим күресінен жарысқа қатысады.

Ойын 15маусымда Қарағандыда өтетін грек-рим күресімен
аяқталады.