МТРА жаңалықтары

Шешесі мен қызы алаяқтық үшін сотталды

Оңай жолмен ақша табуды көздеген Петропавл қаласының 46 жастағы тұрғыны 2004 жылы бір танысының сеніміне еніп, алдап кеткен. Алаяқ арам ісін 2007 жылға дейін жалғастырып, түрлі себептерді сылтауратып, тағы бірнеше адамның санын соқтырып кеткен екен. Бұл аздай, екінші деңгейлі банктердің бірінен де миллиондаған теңгенің несиесін алып, қарызын өтемей қойған. Тіпті қаржы институтына кепілдікке берген пәтерді екі мәрте сатудың да амалын тауыпты. «Мазда» көлігі де осылайша алаяққа пайда әкелген. Алайда ол айыбын мойындаудан бас тартты. Десек те сот нақты дәйектерге сүйеніп,қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

Айгүл Молдыбаева, Петропавл қалалық сотының судьясы:
-Күлтай Гайнулина жасаған қылмыстары үшін айыпты деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылсын және дүние-мүлкі тәркіленсін. Жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтесін.

Сотталушының қызы Жанна Гайнулина да шешесінің арам істерінің екеуіне тікелей араласқаны үшін заң бойынша жауапқа тартылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.