МТРА жаңалықтары

“Солтүстік Қазақстан: өңір тарихы, тұлғалар тағдыры” конференциясы

 

 


Елдің тыныштығы мен жердің бүтіндігі үшін күрескен қайраткерлер өміріне арналған ғылыми-практикалық конференцияға жиналғандар алдымен үш жүздің басын қосқан хан Абылайдың рухына бас иіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бұдан кейін мұражай кешенінде болып, теріскейдегі тарих ошағымен танысты. Қызылжарда ұйымдастырылған конференцияның  тарих ғылымына қосар үлесі мол.


Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

 -Тарихи үлкен тұлғалардың бірі – Қожаберген жырау. Ол саясаткер, батыр. Бүгінгі конференцияның Қожабергентану ғылымына қосар үлесі мол деп ойлаймын. Конференцияға ақ жол тілеймін

 Бүгінгі конференцияда ғалымдар озбыр отаршылық, ұлтсыздандыру саясаты, мәңгүрттендіру мәселесіне ерекше тоқталды. Қоғамда қалыптасқан түрлі көзқарастардан мысал келтіріліп, кешегі тарихқа жаңаша, тәуелсіз ел тұрғысынан баға беруге көңіл бөлінді.

Амангелді Айталы, Қазақ мемлекеттік заң университетінің профессоры:

-Қоғамда екі пікір туды. Бірі өткен тарихты қозғаудың қажеті жоқ деді. Екіншісі қазақ отаршылдықты көрген жоқ деді.

Бүгінгі зиялы қауымға тарих шындығын дәлелдеп, қоғамда оң пікір қалыптастыру міндеті тұр.
  Профессор Мәмбет Қойгелді, Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Сәттар Мәжитов  тәуелсіздік үшін күрескен өңір тұлғаларының жүріп өткен жолдары терең зерттеуді қажет ететін үлкен кеніш екендігін атады.

Салық Зиманов, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі:

-Осы жерден шыққан адамдар тіпті Орта Азияға дейін танылды. Сондықтан ақыл алысу үшін келдік. Конференция өте жемісті өтті. Жақсы ұйымдастырылған. Әкімнің өзі барлығына қатысып жүр.

Кәкімбек Салықов, ҚР еңбек сіңірген қайраткер, ақын:

-Тарихқа бір үңіліп, алды-артымызға қарап, қалай жеттік, қандай қиындықпен келдік деп айтатын кез келді. Бұл қазақтың тойы, бабалар жеңісі. Тақырып үлкен. Үлкен әңгіменің басы болды деп есептеймін.


Жақсыбай Самрат,”Егемен Қазақстан” газетінің шолушысы:

-Ел үшін күрескен тұлғалар кеңестік дәуірде айтылмады. Үлкен шаруа, ризамыз.


Конференцияда бұған дейін баспа бетін көрмеген талай дүние айтылды. Зиялы қауым тарихты саралауда сақтық
керек, бірақ елдің кешегісі бұрмаланбауы тиіс деген пікірге тоқталды.