МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік рәміздерге арналған сабақ

 

 

 


Қазақстан Республикасының Ішкі әскерінде патриоттық тәрбие үшін арнайы бейнесабақтар қарастырылған. Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында осындай сабақтар 6637 әскери бөлімге де жеткізілді.
Дискілерде мемлекеттік ту, елтаңба мен әнұранымыздың тарихы толығымен баяндалады.

1992 жылғы маусымның 4-інде Елбасы жарлыққа қол қойды, ал 6 маусымда Алматы қаласындағы Абай атындағы театрда төл рәміздеріміздің тұсаукесері өтті. Содан бері өткен он сегіз жылда Қазақ елінің мемлекеттік нышандарының  қадірі мен қасиеті шарықтай түсті. Әлем басшылары бас қосқан жиындарда көк туымыз желбіреп, түрлі деңгейдегі спорттық ойындарда әнұранымыз шырқалады. Ал қанатты пырақтар мен шаңырақ бейнеленген елтаңба әр мекеменің төрінен орын тепкен.

Қанат Беляков, 6637 ӘБ тәрбие және әлеуметтік- құқық жұмысы бойынша командирдің орынбасары:
-Ең бастысы, мемлекеттік рәміздерді білу, авторларын, қабылданған күндерін және әнұранның сөзін жатқа білу. Өзіміздің ҚР мемлекеттік рәміздері туралы заңның талабын орындау.

2006 жылы Тәуелсіз Қазақстанның жаңа әнұраны бекітілді.
1956 жылы жазылған «Менің Қазақстаным» әні қазақ елінің әнұранына айналды. Әскери бөлімнің сарбаздары оны оң қолдарын жүрек тұстарына қойып күнде шырқайды.

Архат Нұрхан, 6637 ӘБ ефрейторы:
Бізде рәміздерге деген құрмет ерекше, ол бізге мақтаныш. Біз Қазақстанның қорғаушылары болғандықтан, оны құрметтеп, мақтан етеміз. Қазақстанның әрбір азаматы, әрбір азаматшасы оны құрметтеп, білуі керек деп ойлаймын.

Әскери бөлімде мемлекеттік рәміздерге қатысты арнайы комиссия құрылған. Олар мемлекеттік ту мен елтаңбаны жасауға қайда тапсырыс берген жөн, тіпті туды қай уақытта ауыстыру керек деген мәселелерді шешеді.