МТРА жаңалықтары

Бас эколог сотталды


Бүгін әйнектің ар жағында отырған Әділхан Оразалиновты Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстаған  болатын. Мемлекеттік қызметшіге 100 мың теңге пара алды деген айып тағылды.  Мұнай өнімдерін сақтауға рұқсат алу үшін Ғ.Мүсірепов ауданының кәсіпкері   2009 жылдың желтоқсанында алдымен табиғи монополияларды реттеу агенттігіне барған, ол жерден  кәсіпкердің  құжаттары экологтарға жолданған екен. Алайда экология департаментіне келгенде іс тоқтап қалады. Оразалинов өз кабинетінде, “Хаджимурат” кәсіпорнының басшысын қабылдау кезінде қолға түсті.

Рұқсаттаманың құны – жүз мың теңге газет бумасының арасынан табылды. Араға 5 жарым ай салып, аты-шулы іс бойынша соттың үкімі шықты.

Айдархан Жанақов, Петропавл қалалық сотының судьясы:

 

-Әділхан Оразалинов 3 жылға бас бостандығынан айырылсын, барлық дүние-мүлкі тәркіленіп, жазасын  жалпы тәртіптегі колонияда  өтесін.


 Айта кету керек, бұл облыстық экология департаментін басқарған  екінші бастыққа шығарылған үкім.