МТРА жаңалықтары

Қаржы полициясының кәсіби мерекесі

 

 

Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының толыққанды дамуына тұсау салады. Өңірімізде осы қоғамдық дертке қарсы күреске қомақты үлес қосып жүрген орган қызметкерлерінің бір тобы кәсіби мереке қарсаңында шені бойынша жоғарылады. Енді қаржы полициясының қатары үш майор, екі капитанмен толықты. Ал Жұлдыз Көшеғұлдинова алғашқы офицерлік саты – лейтенант шеніне ие болды. Қазіргі нарық заманында оңай жолмен ақша табуды көздегендер көп. Экономикалық қылмыспен күресуге дайынмын дейді ақпараттық орталықтың инспекторы. Сондай-ақ мерекелік кеште үздік қызметкерлер құрмет грамоталары, алғыс хаттарымен марапатталды. Жаңа қызметке тұрғандар отанға адал болуға ант қабылдады. Жалпы жыл басынан облысымыздың қаржы полицейлері 200 экономикалық қылмыс тіркеген. Оның 35-і сыбайлас жемқорлыққа қатысты.