МТРА жаңалықтары

Сәбилер үйіндегі мереке

 

 

 

Сүйкімді сәбилер балалар үйінің сәні. Олардың балбұл жанған жүздерінен мерекенің айқын нышаны білінеді. Бүгін олар өздерінің бір ай бойы дайындаған шағын мерекелік көріністерін ұсынды.

Күләш Темірбекова, “Балалар үйі” мемлекеттік мекемесінің балалар дәрігері:
-Бүгін мерекеге орай балаларға концерт ұйымдастырдық. Олар өздері де қатысады. Ән салады, тақпақ жаттау айтады. Балалар әрдайым аман болса екен деймін.

 Сәбилерді басты мерекелерімен құттықтауға келген облыс әкімінің орынбасары Ф.Қуанғанов келді. Әлі оқу білмейтін кішкентайлардың ерекше қабілеттеріне сүйсінген меймандар оларға әкелген сыйлықтарын ұсынды. Концерттен кейін қонақтар сәбилердің тұрмыс жағдайларымен танысты. Мұндағы әр бөлме таза, жарық, барлық талаптарға сай безендірілген. Ересек бүлдіршіндердің дұрыс қалыптасуы үшін арнайы дене шынықтыру бөлмесі, сауықтыру кешені жабдықталған.  Бұл балалар үйі Қазақстанда алғаш болып ашылғандардың бірі. Қамқорсыз қалған талай бөбекке пана болған  мекеменің құрылғанына  келесі жылы 90 жыл болады.