МТРА жаңалықтары

Полигонда арақ-шарап жойылды

 

 

 
Сот атқарушылары контрабандалық тауар тасымалдау еш толастаған емес дейді. Керісінше өсім байқалады. Тәркіленген тауарларды жою туралы шешімді мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық бақылау орталығы, экология департаменті мен сот әкімшілігі қабылдаған. Сөйтіп, 400 литрден астам алкоголь өнімдері мен сыра шынжыр трактордың табанына түсіп, жермен жексен етілді. Заңсыз өнімдердің басым бөлігі Уәлиханов пен Ғ.Мүсірепов аудандарында тәркіленген. Өнім жарамдылық мерзімі өтіп кеткендіктен айналымнан шығарылды.
Сонымен қатар құмар ойындарымен жұртты еліктіріп, қалтасына ақша басып жүрген петропавлдық кәсіпкерден 5 ойын автоматы тәркіленген.

Әлішер Тұрдығұлов,СҚО соттар әкімшілігінің №3 Петропавл қалалық бөлімінің сот атқарушысы:
-СҚО соттар әкімшілігі тауарларды тіркеуге алды. Енді бұл автоматтарды аукционнан алып тастау мәселесі қарастырылуда. Себебі кәсіпкерлер ол жерден құмар ойыны машиналарын заңды түрде сатып алып, заңсыз кәсіп жасайды.