МТРА жаңалықтары

Облыстық прокуратурада өткен брифинг

Брифингте  сөз болған атышулы қылмыстық істердің бірі Андраник Сакунцқа қатысты. Естеріңізге сала кетейік, бір топ жастар мамырдың бесінде  “Жедел күзеттің” аумағында Қайырбай Құсайыновқа оқ атып, оны соққыға жыққан болатын. Құсайыновтың інісі де зардап шекті.

Бұл істе әлі соңғы нүкте қойылған жоқ.

Болатхан Нұрышкенов, облыстық прокуратураның тергеу жүргізу басқармасы бастығының орынбасары:
Андраник Сакунц жәбірленушінің денесіне қасақана жарақаттар салған. Бұл тергеу, тексеру барысында анықталды. Ал оның бұзақылыққа барғаны дәлелденген жоқ. Бұл жәйттің анық-қанығын әлі толық қарастырамыз.

Осы жылдың ақпан айында жетім балалар үйінің 5 жасар т
әрбиеленушісі Утыченконың мүрдесі табылған болатын. Сараптау қорытындылары жеткіншектің өлтірілгенін дәлелдеп берді. Тергеу барысында бұл қылмысты сол оқу орнының 12 жастағы оқушысы Добровляниннің жасағаны анықталды. Күдіктінің ақыл-есі сау екені белгілі болған соң ол кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына жөнелтілді.      Студенттерді лицензиясыз университетте оқытқан Молдыбаевтың ісі туралы да  брифингте сөз болды. Бүгінгі таңда бұл іс бойынша аудиторлық тексеріс жалғасуда. Петропавлдағы “Троллейбус паркінің” жыры да әлі бітпегенге ұқсайды. Жоғарғы соттың шешімін қолға ұстап, Олег Матейчуктің кәсіпорынға басшы болып келгеніне үш ай өтті. Осы уақыттың ішінде ол заңды белшесінен басып үлгеріпті.

Болатхан Нұрышкенов, облыстық прокуратураның тергеу жүргізу басқармасы бастығының орынбасары:
 Матейчук директор болғаннан кейін бірнеше троллейбусты заңсыз сатып жіберген. Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс наурыздың 25-і қозғалды. Қазір сот-бухгалтерлік сараптама басталғандықтан, сот өндірісі тоқтатылды.

Ағымдағы жылдың бес айы ішінде мамандандырылған ауданаралық сот 22 солтүстікқазақстандыққа қатысты 14 қылмыстық істі қарады. Қазіргі кезде құзырлы органның қарауында 29 іс жатыр.
Мұндай атышулы  істердің немен аяқталатыны халықты толғандырмай қоймайды. Сондықтан   қадағалаушы орган өкілдері осындай форматтағы брифингті жиі өткізуге келісті.