МТРА жаңалықтары

Ғимараттар жаңартылып жатыр

 

 

 


 Ағымдағы жылы “Жол картасы” бағдарламасына енген нысандар қаланың барлық аудандарында бар. Құжат тағы да өзекті деген мәселелерді шешуге бағытталды. К
әріздік коллектордың іске қосылғанына 36 жыл өткен. Нақ осы жерден қалаға таза су тарайды. Ескірген кәріздік құбырды биыл жаңаламағанда, жағдай күрделі болар еді. Қазір маңызды құбырдың басында жұмыс қызу жүріп жатыр. Мұнда кең көлемді  қалпына келтіру шаралары басталған. Ескі кәріздік құбырлар жаңа полиэтилен құбырлармен алмастырылуда. Ең қымбатқа түсіп отырған нысандардың бірі осы. Атқаратын жұмыс құны -206 млн. теңге. Жаңа кәріздік құбыр Интернационал көшесі бойымен Мир көшесінен Астана көшесіне дейін тартылмақ. Бұл орташа екі шақырым жер. Жұмыс ауқымды болғанымен, бас мердігер “Рүстем” ЖШС директоры Мұратбек Омаров облыс әкіміне бәрін алты ай ішінде тындырамыз деп уәде берді. Бұл учаскеде қозғалыс көп болғанымен, оны тоқтату қажет емес. Жаңа құбыр төсеу технологиясы тіпті асфальтты қопармай-ақ салуға мүмкіндік береді. Мұндай іске кәсіби мамандармен қатар «Жол картасы» арқылы да  азаматтар жұмылдырылған. Ал 44 адам жаңа жұмыс орны – талайдан жөндеу көрмеген облыстық мұрағаттың ғимаратын қалпына келтіріп жатыр. Бірінші кезекте ғимараттың қасбеті керамикалық тақталармен қапталып, терезелері ауыстырылады. Жөндеу жұмыстары аяқталып келеді. Сондай-ақ, ғимараттың іші де сырланады. Маңызды құжаттар сақталатын орын болғандықтан, желдету жүйесін жаңарту да жоспарда бар. Сондықтан сметалық жоба 8 миллион 900 мың теңгеге өскен. Мұрағаттың келесі ғимаратында да жұмыс жоспардан асып жығылады. Онда да ішкі жөндеу жұмыстарына қатысты қосымша 2 млн теңге керек болып тұр. Жолай облыс әкімі Серік Біләлов Пушкин көшесі бойында салынып жатқан тротуарды көрді. Жаяу жүргіншілердің жолын асфальттау көптеген көшелерде жүргізілуде. Облыстық перинаталдық орталықта да   көлемді жөндеу жұмыстары жоспарланған,   бірінші қабатында атқаратын іс әлі көп, ал жоғары бөліктері 70 пайызға дайын. Мердігерлер нысанды мерзімінен бұрын тапсырамыз деп отыр. 205 тұрғын «Жол картасы» арқылы мұнда жұмыс тапқан. Серік Біләлов құрылыс аяқталғаннан кейінгі орталықтың жағдайын сұрап білді. Жаңа әрі заманауи құралдар бар болғанымен, бұл жерде жиһаз мәселесі ақсап тұр. Сондықтан қосымша шығындануға тура келеді. Сәбилердің өмірге келуіне барлық жағдай жасалмақ. Осы жерде өңір басшысы облыста бала туу санын көбейтуге қатысты жаңа бағдарламаның жасалып жатқанын жеткізді. Балалар писхоневрологиялық диспансеріне  бөлінген қаржы түгелдей игерілген: дәліз, жатын бөлмелер мен кәріздік жүйені жөндеуге 22 млн теңге жұмсалған.