МТРА жаңалықтары

Алғашқы жартыжылдықта 72 инвестициялық жоба іске қосылады

 

 

 

Селекторлық кеңесті ашқан премъер-министр алдымен Қазақстан мен Ресей арасындағы бірыңғай кедендік одақ жұмыстарына тоқталды. Жаңа құрылымның екі мемлекет арасындағы сауда айналымына тигізер пайдасы мол. Кәрім Мәсімов оның негізгі бес бағатын атап көрсетті. Республикада ағымдағы жылы жүзеге асырылуы тиіс 144 инвестициялық жобаның жағдайы да әңгіме өзегіне айналды. Әр саланы қамтитын ауқымды бастамалардың бүгінгі жайы туралы алдымен министрлер баяндады. Жоспар бойынша алғашқы жартыжылдықта 72 жоба іске қосылуы тиіс болса, бүгінгі күні оның 70 пайызы орындалған. Оған еліміз бойынша 40 мың адам жұмылдырылып отыр. Премъерминистр жартыжылдықтың аяқталып қалғанын ескертіп, жаңа нысандар кестеге сай өз жұмыстарын бастасын деген тапсырма берді. Үкімет басшысы осы жұмыстардың орындалуына қатысты облыс әкімдерінің есебін тыңдады. Кей өңірлерде жоспарды орындауға қаржы тапшылығы қолбайлау болып отырған көрінеді. Біздегі жағдай туралы өңір басшысы Серік Біләлов әңгімелеп берді.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
Облысымыз бойынша осы жылы жалпы сомасы 12 миллиард теңгеден асатын 9 жоба жүзеге асырылуы керек. Бірінші жартыжылдықта оның алтауы тапсырылады. Бүгінгі күні жоспар 87 пайызға орындалды. Жұмыстар кестеге сай жүргізіліп жатыр. Көктемгі егіс науқаны да аяқталуға жақын. Бірер күнде
аяқтаймыз деп ойлаймын.

Селекторлық кеңесте сондай-ақ салалық бағдарламалардың орындалу барысы да
сөз болды. Жиынды қорытындлаған премъер- министр жауапты басшыларға бұл бағыттағы жұмыстарда да кешеуілдеу болмауы керектігін еске салды.