МТРА жаңалықтары

Облыстық тәртіптік кеңестің кезекті отырысы

 

 

Жамбыл ауданының мемлекеттік органдарында 5 айдың ішінде 112 заңбұзушылық тіркелген. Мұндай фактілер тәртіптік кеңес жүргізген тексерістің нәтижесінде анықталыпты. Мемлекетік қызметшілердің басым көпшілігі азаматтардың арыздарын тіркемеген. Себепсіз сыйақы алғандар да бар. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңнамаларды, мемлекеттік қызметшінің ар-намыс кодексі талаптарын сақтамағандар тиісті жазасын алып үлгеріпті. Сондықтан тәртіптік кеңестің отырысына аудан әкімі ғана шақыртылған. Сөйтіп, қоластындағылар  үшін Серік Ыбыраевқа қызаруға тура келді. Ал кеңестің мүшелері  бұл кемшіліктер аудан әкімі аппаратының салғырттығынан болған деп отыр. Аудан көлемінде мамандарды бір қызметтен екіншісіне ауыстыру тым жиілеп кеткен.

Болат Жұмабеков, тәртіптік кеңес мүшесі, облыс әкімі аппаратының жетекшісі:
-Мамандарды оқытып жатырсыңдар, бірақ одан пайда жоқ. Бұл адамдарды бір орыннан екінші орынға ауыстырудың нәтижесі, анализ жоқ!

Енді сараптау жұмыстарын аудан әкімінің өзі жүргізбек. Ал Жамбыл ауданының Кладбин селолық округында бас маман болып қызмет ететін Асыл Нәкиеваға мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын орындамағаны үшін ескерту жасалды. Мемлекеттік қызметші жұмысқа кіріскенде өзіне қарасты жер үлесін басқа адамға сенімді басқаруға тапсырмаған.

Асыл Нәкиева:

Бір ай мерзімде үлгермедім. Ойладым, үлгерем деп, уақыттың кемшілігі ме, қалаға оқуға жіберді, солай  2 ай өтіп кетті.

Сондай-ақ отырыста Петропавл қалалық білім бөлімі бастығының үстінен қозғалған тәтіптік іс те қаралды. Бұл мәселе бойынша кеңес мүшелері бір ауыздан Алтыбековаға қызметтік этиканы сақтамағаны үшін ескерту жасау туралы қала әкіміне ұсыныс б
ерілді.