МТРА жаңалықтары

Мектептегі күрделі жөндеу

 

 

 

 

Қолдарына құрал-саймандарын ұстаған құрылысшылар өз міндеттеріне мамырдың 26-сы кіріскен. Оқушылардың емтихан тапсыруларына байланысты жұмыстар әзірге бірінші қабатта таңғы он бірден басталады. 320 оқушы білім алып жатқан білім ошағы мұндай күрделі жөндеуді 20 жылдай көрмепті. Сондықтан жылыту жүйесі мен терезелер әбден ескірген.

Ирина Климова, №31 мектептің директоры:
Мектептің тұрғызылғанына 73 жыл. 20 жылдай күрделі жөндеу болған жоқ. Сондықтан терезелердің ағаш жақтаулары шіри бастады. Биыл олардың бәрі пластикалық материалмен  ауыстырылады.Бізге бағдарлама бойынша жалпы 16 млн 788 мың теңге бөлінді. Оның 11 млн-на терезелер ауыстырылып, 5 млн-на жылыту жүйесі жөнделмек.


«Жол картасы» бағдарламасы аясында бұл нысанда 96 терезе мен 104 жылу батареясы ауыстырылады. Бүгінде күрделі жөндеуге жауапты “Авега-СК” ЖШС керек  материалдың 80 пайызын сатып алған.

Анатолий Белецкий, “Авега-СК” ЖШС директоры:
Жылыту жүйесін 15-ші шілдеге дейін ауыстырып бітіреміз деп отырмыз. Қазір бірінші қабаттағы терезелердің үштен бірі жаңаланды. Әрине, көптен жөндеу көрмегендіктен кейбір жерлердің сылақтары түсіп, қосымша шаруа шығып жатыр. Бірақ біз белгіленген уақыттан ерте аяқтауды жоспарлаудамыз.

Құрылыс алаңында жүрген 24 жұмысшының 8-і “
Жол картасы” арқылы екі қолға бір күрек тапқандар. Араларында бұрындары құрылыста еңбек еткендері де кездеседі. Солардың бірі Денис Кащенко. Ол кәсіптік лицейді тәмәмдаған соң, біраз уақыт сылақшы-қырнаушы болып жұмыс істепті.

Денис Кащенко, сылақшы-қырнаушы:
-Еңбекпен қамту бөліміне бардым.
Ондағылар осы мектептегі құрылыс жұмысына жіберді. Әзірге жұмысым өзіме ұнайды. Алдағы уақытта осы «Авега –СК» серіктестігіне тұрақты түрде жұмысқа кірсем деймін.


Үйреніп, білгендерін тәжірибеде жақсы көрсете білген Денис сынды мамандарды “Авега-СК” серіктестігі тұрақты жұмысқа алмақ. Тамыздың біріне дейін тағы 8 жұмыссыз мемлекеттік бағдарлама бойынша құрылыс нысанына алынады.