МТРА жаңалықтары

Гитарашылар фестивалі

 

 

 Владимир Василевский – облысымызда классикалық гитараны насихаттауға сүбелі үлес қосқан белгілі музыкант. Владимирдің  әріптестері оны еске алу үшін жыл сайын “Мен гитараның күйін келтіремін” атты байқау ұйымдастыруды дәстүрге айналдарған.

Александр Ромазанов,  «Жас Дарын» өнер мектебінің оқытушысы:
Гитарашылар арасындағы фестивальді біз ұстазым Владимир Василевскиймен бірге бастаған болатынбыз. Жастарды өнерге баулып, олардың музыкаға деген қызығушылықтарын арттыра түсу мақсатында осындай дәстүрлі кездесуді ұйымдастырдық.  


Өңірімізде гитарада ойнау өнерін меңгеріп жүрген жастар қатары жыл сайын қалыңдап келеді.
Биылғы фестивальді 60-тан астам қатысушы ашты. Дәстүрлі кеште 6 ішекті аспапта Бахтан бастап Битздың  туындыларына дейін орындалды. Индира Карменованың гитараны қолына алғанына екі жыл болған. Нәтиже жаман емес.

Индира Карменова, фестивальға қатысушы, Явленка:
-Мен фестивальға екінші мәрте қатысып отырмын.
Мұндай кездесулер өте пайдалы деп есептеймін. Себебі өз өнеріңмен қатар басқа да жастардың қабілетін байқайсың. Сабақ аласың.


Мұнда гитараны енді ғана қолдарына ал
ғандар да бар. Кештің ең кішкентай қонағы Иван Кручинин баржоғы 8 жаста. Ал гитара тарта бастағанына жарты жыл.  

Иван Кручинин, фестивальға қатысушы, Петропавл:
-Мен бұрындары аудитория алдына шығып көрген жоқпын. Сондықтан, әрине, қобалжып тұрмын.