МТРА жаңалықтары

Баға жөніндегі меморандум

 

 

Меморандум азық-түлік  бағасын реттеу мақсатында жасалды. Бағаны қала тұрғындарының қалтасы көтеретіндей деңгейде ұстау қажет. Ынтымақтастық бағалардың өсуін қадағалау және ұсыныстар туралы ақпаратпен алмасу сияқты екі бағытта жүргізіледі.

Дулат Жанатаев, қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіптік бөлімінің бастығы:
– Екі жақтың келісімі қала әкімі жанындағы баға мен тарифтердің өсуін реттеу жөніндегі штаб арқылы жүзеге асып жатыр.
Базарлар жетекшілеріне жергілікті тауар өндірушілерді сауда орындарымен қамтамасыз ету және жалға беру құнын көтермеу міндеттелді.

Ал қала әкімдігі өз кезегінде шағын және орта бизнеске жан-жақты қолдау көрсетеді. Енді   базарларда тауар бағасы 10 пайыздан жоғары көтерілмейді.

Еділ Жалимов, “Алтын Арман” АҚ бірінші вице-президенті:
– Біз тауар өндірушілерге қолайлы жағдайлар туғызып отырмыз.
Енді олар делдалдарсыз жұмыс істей алады. Сөйтіп, тауар өндірушілер өз өнімінің бағасын көтермейтін болады.

Қала әкімдігі мен 12 базар жетекшілерінің арасында жасалған меморандум күшін желтоқсанның 31 -іне дейін жоймайды.