МТРА жаңалықтары

Жоспарсыз тексеріске – тосқауыл

 

Кәсіпкерлерді заңсыз тексеріспен ығыр қылатындарға заңнама бойынша тосқауыл қойылған. Бірақ бұны сезіне қоймаған мемлекеттік қызметшілерге қатысты жыл басынан елімізде 31 қылмыстық іс қозғалған. Олардың үшеуі біздің облыста. Қызмет бабын пайдаланып, жұмысқа кедергі келтірушілерді анықтау үшін кәсіпкерлермен  кездесулерді жиі өткізген дұрыс дейді қаржы полициясының мамандары. Елімізде кәсіпкерлікпен айналысу үшін талап етілетін құжаттар саны азайып келеді. Бизнес өкілдерін қағазбастылықтан құтқару мақсатында   республикалық арнайы кеңес құрылған.

Валерий Пыстогов, СҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің бастығы:

-Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқармаларда жұмыс топтары құрылып, оларға тиімсіз, нақты мақсатсыз құжаттарды анықтау тапсырылды. Нақты қысқартылуы тиіс құжаттар бойынша ұсыныстар жасалуы керек.


Сараптау кеңесінің ұсыныстары Үкіметте қаралатын болады.
Ал әкімшілік кедергілердің азаюы еліміздегі шағын және орта бизнестің дамуына септігін тигізеді.