МТРА жаңалықтары

Судьялар спартакиадасы

 

 
Өңірлік іріктеу ойындарына Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарының судьялары жиылды.
Қыркүйек айында Тараз қаласында өтетін ақтық сайысқа жолдама алу үшін бұл үш команданың қатысушылары өзара күштерін сынамақ. Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Фархат Қуанғанов спортшыларға сәттілік тіледі.

Фархат Қуанғанов, СҚО әкімінің орынбасары:
Бүгінгі сайыс – облысымызда бұқаралық спортты дамытуда жүргізіліп жатқан үлкен жұмыстардың бірі. Құрметті сайысқа қатысушылар, сіздерге мықты денсаулық пен сәттілік тілеймін.

Спартакиада екі күнге созылады. Дүбірлі додаға жиылған 75 фемида өкілі спорттың 7 түрінен бақтарын сынамақ.

Абай Болатов, Шал ақын аудандық сотының судьясы:
Спорттың футбол, волейбол, бильярд, үстел теннисі, шахмат, дойбы түрлерінен қатысушылар күш сынасады. Спортшылар жақсы ойын көрсетіп, спартакиада жоғары деңгейде өтеді деген ойдамын.

Іріктеу спартакиадасына барлық судьялар жақсы дайындалып келген. Олардың
әрқайсысы республикалық жарыста өңір намысын қорғағысы келеді.

Абдулла Кенжаев, экономикалық соттың судьясы:
Бірінші орын алған қатысушылар күз айында ақтық ойындарға қатысады. Соған біздің команданың спортшылары өтеді деген үміттеміз.

Ұбайдулла Қошанов
, Рудный қалалық сотының төрағасы:
Дайындығымыз өте жақсы. Біздің судьялардың көңіл күйлері көтеріңкі. Жеңіске жетеміз деген ойдамыз.

Бұл спартакиада қаражат тапшылығына байланыста былтыр өткізілген жоқ.
Айта кету керек, судьялар арасындағы сайыс 2003 жылы біздің облысымызда  бастау алған.  

Әскер Әбілқайыр, Қазақстанның құрметті журналисі, спорт ардагері:

-Бұл ол кездегі облыстық соттың төрағасы Бекет Тұрғараевтың бастамасы болатын. Мен оны білетінім, ол кезде республикалық “Заң” газетінің СҚО бойынша меншікті тілшісі болып қызмет еткенмін.

Жарыс қорытындысы мамырдың 29 -ы белгілі болмақ.