МТРА жаңалықтары

Шаң астындағы көше

 

 

 

Иван Шухов көшесіндегі жол мамыр айының басында тегістеліпті. Алайда бұл маңдағы тұрғындардың қуанышы көпке созылмады. Жолға төгілгені кұм немесе қиыршық тас емес, кәдімгі күл болып шықты. Любовь Иванова күн сайын осы жолмен дүкенге барып қайтады. Ол жуырда ғана емдеу мекемесінен шыққан екен, енді шаң жұтып жүрген көрінеді.  

Любовь Иванова, тұрғын:

Иван Шуховтың 100 жылдығына орай бұл жол жақсылап жөнделген еді. Ал биыл күл төгіп, енді шаңға тұншығып жүрміз. Жүрегіме жуырда ота жасалды. Маған әсіресе қиын.

Ал қала
лық тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалдау бөлімінің мамандары бұл жолға қиыршық тас төгілген дейді. Бірақ жолмен көлік өтсе болғаны, маңайды шаң басады. Ал автобус пен жүк көлігінен кейін шаң тұман сияқты тұтасып,  біразға дейін сейілмейді. Шухов көшесіне асфальт төселмей, бұл мәселенің шешілуі екіталай. Жол онша ұзын да емес, не бары 200 метрдей ғана. Ал қала қазынасында бұл жолды толық қалпына келтіруге биыл қаржы бөлінбепті.