МТРА жаңалықтары

“Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте”

 

 

 

“Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте” байқауына облыстық атқарушы органдардың қызметкерлерінен құрылған командалар қатысты. Байқау үміткерлері шарт бойынша 4 түрлі сынақтан өтулері тиіс.

Айгүл Жамантаева, тілдерді дамыту басқармасының бас маманы:
Бүгін алғаш рет облыстық байқау өтіп жатыр. Оған 10 команда қатыспақ. Әр топ 5 адамнан тұрады.

Көшті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бастады. Команданың сәлемдесуі мен өзін-өзі таныстырулары өте сәтті шықты. Екінші айналымда қызметкерлердің тілді іс жүзінде қолдануы мен пікір алмаса білу қабілеттері сыналды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қаржылай көмек сұрай келген көпбалалы әке жайлы қойылым көрермендер мен төрешілерге бірдей ұнады. Жалақысы шағын азамат
4 баланың әкесі. Ал жары   отбасын мансап үшін тастап кеткен. Тілді меңгеру деңгейі, шығармашылық талант пен тапқырлықты талап ететін жарысқа әр мекеме ерекше дайындалған.  


Ханзада Тоқтарбаева
, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы:
Біздің команданың аты “Алтын қазына” деп аталады. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы деген мекемеміздің атына байланысты таңдадық.

Айта кету керек, барлық тапсырманы көрсетуге әр командаға 15 минуттан берілді. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.