МТРА жаңалықтары

«Қазақтелеком» ескертеді

 

 

 

 

Интернет арқылы белгісіз сайттарға шығу, теледидардағы түрлі ойындарға қатысып, телефон шалу, ғаламторда танысқан қыз-жігітке қоңырау шалудың соңы қарызға батыратынын екінің бірі біле бермейді. Соңғы уақытта «Қазақтелеком» АҚ-на  осындай арыз түсірушілердің қатары артқан. Олардың  дені – интернетті пайдаланушылар.

 Наталья Бурмакова, «Қазақтелеком» АҚ  облыстық филиалы тұтынушыларды ақпараттық қолдау орталығының бастығы:
-Кейбір интернет сайттар өз қызметі үшін ақы сұрайды. Бұл негізінен ойын-сауық қызметтерін көрсететін сайттар, интернет-дүкендер.
Бұндай қызметтер үшін ақы төлеу қажет. Ол міндетті түрде жазылады. Тек қарпі тым кішкентай болуы мүмкін. Немесе ол жайлы қоңырау шалу аяқталғанда ғана айтылуы да ғажап емес.
 

Сертификаты жоқ, сенімсіз бағдарламаларды орнату да қауіпті. Есепшоттағы белгісіз шетелдік нөмірлер – соның салдары. Сондықтан  мамандар әлсін-әлсін модем шығарып жатқан дыбыстарға құлақ түрген артық еместігін айтады. Егер құрылғы 6-дан артық цифрларды тергендей дыбыс шығарса, оны бірден желіден ажырату қажет. 8 800-ден басталатын он цифрлы нөмірге қоңырау шалу да негізінен ақылы келеді. Кейде қараусыз қалған балалар теледидардағы сөзжұмбақтарды шешемін деп табыс орнына, шығын келтіреді. Бұндай ойындардан кет-әрі емес ересектер де бар.

Наталья Бурмакова, «Қазақтелеком» АҚ  облыстық филиалы тұтынушыларды ақпараттық қолдау орталығының бастығы:
 -Бұндай оқиғалардың алдын алу бірнеше себептермен мүмкін болмай отыр.
Өйткені  қандай да бір сенімсіз сайтты жауып тастайтын болсақ, бұл азаматтардың құқықтарын шектеу болып саналады. Бұндай құзі
рет тек тиісті органдарға берілген. Екіншіден, мұндай сайттардың тізімі тым көп және олар үздіксіз жаңарып отырады. Біз интернетке қосылу қызметін ғана көрсетеміз. Ал ғаламтордың түрлі қуыстарына кіру – әр адамның өз еркінде.