МТРА жаңалықтары

«Ауыз су» бағдарламасы

 

Мемлекеттік «Ауыз су»  бағдарламасы аясында облыстың 292 елді мекеніне су құбыры тартылуы тиіс. Қазіргі таңда “Есіл су” РМК 187 елді мекенге таза ауыз су жеткізеді. Ауылдық жерлерде су мәселесі әлі де өзекті болып тұр. Мамандар ағымдағы жылы 4 топтық су құбырында толық қалпына келтіру жұмыстарының жүретінін айтады. Бұның арқасында тағы да бірқатар елді мекендер ауыз сумен қамталатын болады.

Мұрат Жантілеуов, «Есіл су» РМК директорының орынбасары:
-Топтық құбырлардың 85 пайызы ескірген. Жөндеуді қажет етеді, толық ауыстыру да көзделуде. Осы мақсатта республикалық бюджеттен қаржы бөлінуі үшін біз қажетті құжаттарды дайындадық.

Елді мекендерге құбыр тартылғаннан кейін суды халықтың  еркін пайдаланғаны дұрыс.
Кәсіпорын осы бағытта да бірқатар жұмыс жасап жатыр. Қазір судың құны біршамаға төмендеді. Бұл қалталары жұқа ауыл тұрғындарына үлкен көмек. Мұнымен қатар құбырдан келетін таза суға деген сұраныс та артты.

Мұрат Жантілеуов, «Есіл су»  РМК директорының орынбасары:
Судың бағасы 33 пайызға төмендеді. Енді бір текше метр су үшін бұрынғы 62 теңгенің орнына 40 теңге төлеу жеткілікті.

Ал  қазір  кәсіпорынға тұрғындардың берешегі 40 млн теңгеге жеткен. “Есіл су” кәсіпорны біздің облыстан басқа Қостанай өңірінің бірқатар аудандарына қызмет көрсетеді. Жұмыс аясы кең. Тек біздің облысымыз бойынша 276 000 адам кәсіпорын қызметіне жүгінген.