МТРА жаңалықтары

«Жас ұрпақ-2010» спартакиадасы

 

 

 


Дүбірлі додаға  15 команда  келді. Екікүндік жарыс бағдарламасына жеңіл атлетика, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, волейбол, дартс және ату – барлығы  спорттың алты түрі енгізілген. Сайысқа қатысушыларды облыс әкімінің атынан орынбасары Фархат Қуанғанов құттықтап, сәттілік тіледі. Атап кету керек, мектеп оқушылары арасында  жазғы спартакиада өңірде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Рүстем Елубаев,  Аққайың ауданының әкімі:
-Бүгінгі сайыстың басты мақсаты –  оқушылар ойындарын дәстүрге айналдырып, өскелең ұрпақты спортқа тарту.

Додаға 300 -ден астам оқушы қатысып отыр. Саят Ескендіров Аралағаш орта мектебінің намысын қорғауға келді. Ол күреспен айналысып жүр. Ал бұл спартакиадада волейбол мен жүгіруден бағын сынамақ.

Саят Ескендіров, Аралағаш орта мектебінің оқушысы:
-Біздің мектептен 20 шақты оқушы қатысады. Көбі волейбол, футбол, жүгіруден қатысады. Аудандық жарыстарда волейболдан ылғи жүлделі орындарға ие боламыз.

Ал аудан орталығы Смирнов елді мекенінің өзінен сайысқа 3 білім ошағы  шығыпты. Қазақ мектебінен 22 оқушы жеңімпаз атану үшін бар күштерін салмақ.

Азамат Баймұқанов,  Смирнов №3 орта мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі:
-Дайындығымыз жақсы. Біздің оқушылар тоғызқұмалақтан жеңімпаз атанады деген ойдамыз.

Спартакиаданың ашылуна арналған салтанатты шара барысында театрландырылған көріністер ұсынылды. Өңіріміздің өнер ұжымдары әсем билері мен құлақ құрышын қандырар әндерін тарту етті. Ұйымдастырушылар жиылған қауымға от шашу сыйлады.