МТРА жаңалықтары

Кикбоксшылар әлемдік сайыста топ жарды

 

 

 

Әлем Кубогына кикбоксы жақсы жолға қойылған Қазақстан спортшылары да аттанған болатын. Ақтық сында ел намысын  Солтүстік Қазақстаннан барған 2 спорт шебері де қорғады. Алыс елде халықаралық дәрежедегі спорт шебері Самат Қадырбеков байрақты додада туған жерінің намысын асқақтатып оралды. Таяуда Италия чемпионатында күміс жүлдеге ие болған 22 жасар жерлесімізге Әлем Кубогын бағындыру қиындық туғызбапты. Жоғары бағаланатын фул контакт сынында атағына сай өнер көрсеткен Самат тағы бір алтын алқаға ие болды. 

Самат Қадырбеков, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
Мен жекпежекке үш рет шықтым. Бірінші қарсыласым Белоруссия елінің спортшысы болды. Оны 3:0 есебімен жеңдім. Келесі шайқас қиын өтті. Онда Ресей кикбоксшысымен қолғап түйістірдім. Екінші айналымның қиындығына қарамастан бар жігерімді салдым, үшінші қарсыласым – венгриялық қолғап шеберімен өткен қорытынды сайыс та мен үшін сәтті аяқталды.

Ал
екінші жерлесіміз Азамат Нұрпейісов Финляндия спортшысынан жеңіліп қалды. Бірақ оның намысы мұқалмапты.  

 

Азамат Нұрпейісов, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
-Жарысқа 24 елдің құрамасы қатысты.
Оған үздік кикбоксшылар келді. Сондықтан олармен қарсыласу қиынға түсті. Досым үшін қуаныштымын. Бірақ алда өтетін әлем ойындарында жеңіске жетуге тырысатын боламын.

Ал командалық есепте жарыс қорытындысы бойынша Әзірбайжан құрамасы бірінші орынды еншілеген. Екінші орын Қазақстан командасына тиді. Венгриялықтар үшінші орынды місе тұтты.