МТРА жаңалықтары

Бас дәрігерлер конференциясы

 

 

 

  

2009 жылы СҚО әкімшілігі мен Санжар Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті арасында өзара қарым-қатынас жөніндегі меморандумға қол қойылған болатын. Содан бері Қазақстандағы тұңғыш медициналық ЖОО профессорлары Петропавл дәрігерлерімен  кездесулерді жиі ұйымдастырады. Әсіресе облыстық перинаталдық орталық дәрігерлері қазақ ұлттық медицина университетінің мамандарымен әрдайым тәжірибе алмасып отырады. Онда тіпті білім ошағының арнайы кафедрасы да ашылған.
Осы жолы профессорлар облыстың бас дәрігерлермен ғылыми
тәжіри
белік конференция өткізді.

Айқан Ақанов, Санжар Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры:
Біздің облысқа келуіміздің себебі өз түлектеріміздің жұмысын бақылау, дәрігерлерге қандай көмек қажет екенін айқындау. Сонымен қатар қандай аурулардың алдын алу қиындық туғызатынын зерттеу. Және өзіміздің жиған тәжірибемізді ортаға салу.

Кездесуде профессорлар дәрігерлік қызметтің сапасын арттыру бағытындағы өз тұжырымдамаларымен бөлісті. Мәселен, медицина ғылымының докторы Сәуле Қасенова болашақ маман білікті болуы үшін интерн жүйесінің маңызы зор дейді. Өткен жылы Перопавлға сондай 26 интерн маман жіберілген.

Сәуле Қасенова, медицина ғылымының докторы, профессор:
Менің ойымша интерн жүйесінің енгізілуі медицинадағы серпінді қадам. Себебі тәжірибесі жоқ студенттер басқа облысқа барып, сол жердің медицина орталығында тәжірибе жинақтайды. Сонымен қатар дәрігерлермен танысып, болашақта өз қызметін сол жердің емдеу орталығымен байланыстыра алады.

Меморандум  бойынша университет ұжымы жергілікті дәрігерлермен семинарлар мен шеберлік сабақтарын ай сайын өткізіп тұратын болды.