МТРА жаңалықтары

Балалар қараусыз қалмасын

 

 

 

 

Жаз айлары балалардың сабақтан босап, бар ынта-көңілдері далаға ауатын шақ. Алайда көңілді жазғы демалыста біреулер шат-шадыман күлкіге бөленсе, кей бүлдіршіндер оны аурухана төсегінде өткізеді. Бәрінің қол-аяқтары гипстелген. 9 жасар Максим Кулак велосипедтен құлап, қолын сындырып алыпты. Енді бұл көлікке мүлдем отырмаймын дейді.

Максим Кулак:
-Мен велосипед теуіп жүргенде құлап, қолымды сындырдым. Енді оған ешқашан отырмаймын, себебі қорқамын.

Ал 7 жасар Маша ауруханада мамырдың 20-нан бері жатыр, бүгін шығатын күні. Бірақ гипспен әлі бірнеше апта жүруіне тура келеді.

Мария Лемпин:
із достарымызбен стадионға ойнауға барғанбыз. Мен трибунада отырғанда бір бала оны қатты шайқады. Мен құлап қалдым. Енді ондай жерлерге бармаймын.  

40 төсекке шақталған бөлімшеде
қазір бос орын қалған жоқ. Балалар жарақат алудың тағы бір жаңа түрін шығарыпты. Ол әткеншекте айналып, күннің көзін жасау тәсілі.

Амангелді Мұхамеджанов, облыстық балалар ауруханасы жарақат бөлімшесінің меңгерушісі:
Балалар алаңқайларындағы әткеншектердің көбінде оны тежеп тұратын арнайы фиксаторы болмайды екен. Сол себепті олар тербелудің орнына темірмен бірге айналады. Қолы босап кетіп, құлап, ауыр жарақат алғандар да болды. Бұл өте қауіпті.

Жазда балақайларды өкініш
ті жағдайдан сақтап қалудың басты шарты – оларды қараусыз қалдырмау деп ескертеді дәрігерлер.