МТРА жаңалықтары

Баға жөнінде мәлімет жинау

 

 

Облыстағы әр мемлекеттік орган бағалар жайындағы ақпаратпен күнде танысады. Ал бұл жұмыстың қалай орындалатынын көбі білмейді. Жиында осы қызметтің қызығы мен шыжығы сөз етілді. Біздің облыста инфляция осы айда 3,5 пайыз деңгейінде қалыптасты. Бұл көрсеткішті анықтау оңай  емес. Ол үшін облыстағы 400-ге жуық өнімнің бағасы сараптаудан өтеді. Бүгінде өңірде 24 тіркеуші жұмыс істейді. Олар күн сайын өзіне бекітілген дүкенді аралап, бағаның ауытқуын тіркейді. Бағалардың құбылуын қадағалау статистика департаментінің міндетінде болса,  бәсекелестікті қорғау инспекциясына тарифтің негізсіз өсуіне жол бермеу жүктелген.

 
Роза Шукенова, бәсекені қорғау аумақтық инспекциясының бас маманы:
-Статистика департаментінің бағалар жайындағы жедел ақпараттарын жиі қолданамыз. Инфляцияның қалыптасуына қатысты мәліметтерді де алып отырамыз.