МТРА жаңалықтары

Табысты елге – білікті кадр

 

 

Қолдарына диплом тиген  жастар мемлекеттік органдарға  келгенде алдымен  қызметке адал болып, елге, бұқараға қызмет етуді  мақсат етсе дейді академия өкілдері. Бәсекені күшейту үшін биыл бюджеттік орындар кемітілген көрінеді.

Серік Қапаров, Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру институтының директоры:
-Жастар қазір мемлекеттік қызметке өзімнің материалдық жағдайымды жақсарту үшін барамын деп ашық айтады.
Ал мұндай жерлерге қоғамға, мемлекетке қызмет ететін жандар келу керек. Олардың мақсаттары басқа болғандықтан, жемқорлық деген пайда болады. Егер маманның көздегені ақша болса, ұрлық көбейеді.

Мемлекеттік қызметті жылы орын деп қана қарау қате.  Еліміздегі мемлекеттік қызметшілердің 46 пайызы хирургтердің пышағына іліккендер екен, ал 42 пайызы түрлі созылмалы ауруға шалдыққандар. Әлеуметтік пакет те қомақты емес. Осының салдарынан мемлекеттік аппараттың алдына қойылған талап орындалмайды. Мемлекеттік қызметке үздіктерді алу үшін оларды оқыту керек. Табысты елге білікті кадр даярлау жайын бүкіл академия болып ойладық дейді Серік Қапаров. Оқушылар Қазақстанның барлық облыстарынан іріктеледі. Ал бүгінгі кездесуде жергілікті департамент, басқарма және бөлім мамандары болды.   Шетелде тәжірибе жинау, магистр дәрежесін алу немесе саяси қызметкер қатарына өту  қомақты қаржыны талап ететіні белгілі. Бірақ академияда мемлекеттік тапсырыс бар. Таңдау талаптарының қатаң болуы өңірлердегі мемлекеттік қызметтің сапасын жақсартады.