МТРА жаңалықтары

Құтқарушылар маусымдық жұмыстарға әзірленуде

 

 

Биыл мектепті аяқтағалы отырған Игорь жыл сайын мамырдың 25- і көлге түседі екен. Бала жастан суға үйір ол  судың әлі онша жылынбағанын елең қылар емес.


Игорь Королев:

Дала ысып кетті ғой. Содан достарыммен бірге осында келдік. Әрі мамырдың 25-і суға түсетін дәстүріміз бар.

Ал   достарымен өзен басында жүрген жасөспірім Вадимнің әке-шешесі баласының суға түсуге кеткенінен хабарсыз болар.

Вадим Карагодин:

-Су жылы, балалармен үш күн бұрын бір келіп түсіп кеткенбіз. Суық суда шынығамыз.

Суға шомылу маусымның бірі басталады. Бірақ бұл күнді күтіп жатқан тұрғындар жоқ.


Антон Коптяев,  СҚО ТЖД суда құтқару қызметі бастығының міндетін атқарушы:

-Кешкілік жастар осы маңға жиналып, ішімдік ішеді. Суға түседі. Ал судың температурасы 15 градус қана. Жағажай басында дәрігерлер де, құтқарушылар да жоқ.

Биыл құтқару қызметінің материалдық базасы біршама жаңарды. Екі көлік, суда жүзетін қос мотор алынды. Жүзгіштердің костюмдері жаңартылды. Шомылу маусымының қызған шағында қалалық жағажай маңында 6 адамнан кезекшілік
ұйымдастырылмақшы.  Ал маусымның біріне дейін жағажай маңы да дайын болады.

Рафаиль Сейфутдинов, “Петроспецобслуживание” ЖШС бас инженері:

-Құм әкелдік, медицина қызметкерлері мен құтқарушылардың үйін тұрғызып жатырмыз. Судың асты тексерілді. Үш күнде жағажай маңындағы жұмысты аяқтаймыз.

Бүгінде дәнекерлеу, сырлау жұмыстары қызған. Пестрое көлінің маңы да демалушыларға толы. Бірақ мамандар судың да тілсіз жау екенін ескертеді. Өткен жылы 40 адам суға кеткен. Олардың 22-сі белгіленбеген жерде шомылған.