МТРА жаңалықтары

“Нұр Отандағы” қоғамдық қабылдау

Бірінші курсты аяқтаған Лаура Ережепова мемлекеттік қызметке қабылдану ережелерін бүгіннен біліп қойғанның артықтығы жоқ дейді.

Лаура Ережепова, студент:

 

 

-Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студентімін. Болашақ заңгермін. Мемлекеттік қызметке қабылдану шарттары туралы білдім.


Бүгінде мамандықты игергенмен, жұмыс таба алмай жүрген жастардың қиындықтарын Жанаргүл Сұлтанова қайталағысы келмейді. Сондықтан  оқу кезінде мемлекеттік органдарда даярлықтан өту мүмкіндіктерін білуге келіпті.


Тілеген Қаскин,  Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттіктің СҚО басқармасының бастығы:

-Оқуды аяқтағаннан кейін мемлекеттік органдарда жастар тәжірибесінен өтуге болады. Бұл уақытта жалақы да төленеді. Жоғары оқу орнының басшылығы мекемелермен келісімге отырып, студенттерді тәжірибеден өткізеді.

Қоғамдық қабылдауға келген өзге студенттер де жұмысқа тұру шарттары мен кезеңдері туралы сұрап білді. Мұндай қабылдаулар аудандарда да өткізілмек. Кез-келген арыз-өтініш тәртіптік кеңесте талқылан
ып, шара қолданылады, әсіресе мемлекеттік қызмет этикасына, сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселелер назардан тыс қалмайды дейді басқарма басшысы.